Риддерде қосымша қазандықтар іске қосылады

Риддер қаласының жылу электр орталығы қысқы маусымды қосымша екі қазандықпен бастайды.

Егер станцияда қандай да бір ақау шықса жұрт жылусыз қалмайды қазандықтар резервтегі қуат көзіне қосылады.

Қазір энергетиктер негізгі агрегаттарды іске қосып жатыр. Бұдан бөлек жазда 19 шақырым жылу желісі жөнделген.

Биыл еліміздегі Риддер, Кентау, Қызылорда қалаларының жылу электр орталығын жөндеуге Үкімет резервінен 16 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде риддерлік энергетиктерге тездетуге тура келді. Өйткені, қыс қыр астында. Сондықтан жұмыс тәулік бойы жүргізілді.   

Қазір мамандар станцияны қышқтан басқаруды үйреніп жатыр. Биыл жылу электр орталығына цифрлық жүйе енгізілді. Кәсіпорын қысқы мезгілге 250 мың тонна көмір дайындайды.

Кирилл Голота, Риддер ЖЭО бас инженері:

- Қазір станцияда 7100 тонна көмір бар. Бұл 20 күндік қор. Сонымен қатар 148 күнге жететін мазут тұр. Оның тағы 180 тоннасын күтіп отырмыз.

Биыл қаладағы жылу желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеден аса демеуқаржы бөлінді. Оған 19 шақырым трасса ауыстырылды. Нәтижесінде станция толық қуатына көшпей тұрып, үйлердегі жылу температурасы +20 градусты көрсетіп тұр.

Галина Серохвостова, Риддер қаласының тұрғыны:

- Биыл үйім өте жылы. Былтыр осы кезде тоңып отырған едік. Температура 14 градусқа дейін ғана көтерілетін.

Жылу шеткі шағын аудандарда да реттелді. «Қазір жергілікті қазандықтар жөнделіп, күн суытқанша көпқабатты үйлер қосылады», - дейді қала әкімі Думан Рахметқалиев.

Думан Рахметқалиев, Риддер қаласының әкімі:

- Биыл жылу ертерек беріле бастайды. Сонымен қатар демалыс күндері 2-ші және 4-ші шағын аудандарының тұрғындары ыстық су мен жылуға қосылады.

Өңірде алдағы жылыту маусымының дайындығына жергілікті бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. Оған жылу электр орталықтары мен қазандықтар жөнделді. Сонымен қатар шалғай аудандардың орталықтандырылған жүйесі қалпына келтірілді.

 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин