Жыл басынан бері ел ішінде 3,5 млн турист саяхаттады
Елде ішкі туризмнің әлеуеті артып келеді.
Мәселен, жыл басынан бері ел ішінде 3,5 млн-ға жуық адам саяхаттаған. Ал қонақүйлердің табысы 23 пайызға өсіп, 121 млрд теңгеге жетті.
500 мың адам жұмыспен қамтылған. 8 айда негізгі капиталға 527 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 69%-ға көп. Сондай-ақ елде туристік орталықтардың саны артты. 16 орталықтың жетеуі ұлттық саябақтарда орналасқан.
Мемлекеттік қолдау да жеткілікті. Сырттан мейман әкелген туристік операторлардың шығындары субсидияланады. Тау-шаңғы курорттарына арналған техника мен жабдықтар сатып алуға кеткен шығындардың бір бөлігі осылай өтеледі. Kids Go Free бағдарламасы аясында кәмелетке толмаған жолаушылардың билет құнын да субсидиялау жолға қойлыған.
Ел ішіндегі туристер саны:
2023 - 3,082 млн турист
2024 - 3, 431 млн турист
Қонақүйлер табысы:
2023 - Т98,7 млрд
2024 - Т121,3 млрд
Инвестиция:
2023 - Т311,8 млрд
2024 - Т527,6 млрд