Telegram-да суицидке итермелеген арна бұғатталды

Адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген Telegram арнасы бұғатталды, деп хабарлайды 24kz.

Қауіпті чатқа кірген 67 оқырман суицидке бағытталған рөлдік командалар алып, орындауға тиіс болған. Күйзеліске түсіретін ғаламтор ресурсын Алматы прокуратурасы анықтап, тексерістен соң оның жалпыға қолжетімділігіне тосқауыл қойды.

Райымбек Шәріпбаев, Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі:

- Ағымдағы жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды. Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.