Абай облысының сайлау учаскелері референдумға дайын
Абай облысынан референдумда 407 мыңдай адам дауыс береді, деп хабарлайды 24kz.
Өңірде 474 учаске құрылды. Азаматтарға дауыс беру күні, уақыты және орны алдын ала хабарланады. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін 13 байланыс орталығы жұмыс істейді. Қалалар мен аудан тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсететін 12 жергілікті орталық бар. Өңірдегі сайлау учаскелері де сақадай сай. Мәселен Абай облысындағы Көкпекті ауданында 29 учаске дауыс беру науқанына дайын. Учаскелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған.
Ерасыл Оразханов, Көкпекті аудандық референдум комиссиясының төрағасы:
- Қазіргі уақытта азаматтарды тізіммен жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және есептен шығу куәліктері беріліп жатыр. Барлық 29 учаске референдумға дайын. Сенімхат бойынша өтініш түскен кезде үйден барып дауыс бере алады.