Елімізде мұнай-газ саласы мамандарына сұраныс жоғары

Биыл Қазақ мұнай өнеркәсібінің құрылғанына – 125 жыл. Бүгінде мұнай-газ саласында 1 млн-нан астам адам жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.

Осы салаға қажетті мамандарды дайындайтын оқу орнының бірі ол – Қазақстан-Британ техникалық университеті. Осы күнге дейін 15 мыңға жуық инженерді оқытқан. Дуальді білім беру жүйесі ерекше назарда. Қала іргесінде оқу орнының өзінің өндірістік базасы бар. Оған қоса, Қарашығанақ, Қашағанда, Теңіз кен орындарында тәжірибеден өтеді. Шетелдік жоғары оқу орындары мен компананиялармен ынтамақтастық орнату да өзекті. Бұл студенттерге халықаралық алмасу бағдарламасына қатысып, қос диплом алуға озық технологияларды үйренуге мүмкіндік береді.

Талғат Текибаев, ҚБТУ Мұнай-газ және энергетика мектебінің ассисент профессоры:

- Қазіргі жағдайға сәйкес бүкіл кәсіби бағдарламалар компьютерлік сол бағдарламамен толық қамтылаған. Біздің мектеп және зерттеу базасы заманауй. Өйткені кез келген мұнай газ-кен орындарында болатын бүкіл жағдайды қамтитын өндіру, бұрғылау, тасымалдау кезінде болатын процестерді қадағалуға біз мамандар даярлаймыз.