Түркістан облысында референдум күні 945 учаскелік комиссия жұмыс істейді

Елде 12 млн-нан астам дауыс беру құқығына ие сайлаушы бар, деп хабарлайды 24kz.

Олар 6 қазан күні жалпы халықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды. Ал халық саны ең тығыз орналасқан Түркістан облысында сайлаушылардың саны қанша? Алдағы жексенбіде өтетін реферундумға өңірдегі сайлау учаскелері қаншалықты дайын?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Өңірдегі Қазығұрт ауданында 127 мың халық тұрады. Оның 64 мың 712-сі сайлау құқығына ие. Саяси науқан күні оларға 61 реферуендум комиссиясы қызмет көрсетеді. Ауданда 61 сайлау учаскесі бар. Оның 52-сі мектепте, 6-уы мәдениет үйінде, 1-еуі колледжде орналасқан. Қалған екеуі жабық учаске. Қазір барлығында рефереундумға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мүгедектігі бар азаматтарға 2 инва және 8 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.

Рамазан Ілиясұлы, аудандық референдум комиссиясының төрағасы:

- Мүгедектігі бар азаматтарға учаскелерге кіріп-шығуға, дауыс беруге толық жағдай жасалды. 61 учаскеде толық пандус орнатылған. Зағип жандарға 59 учаскеде тактильді жолдар және арнайы парақшалар берілді. Құлаққап және компьютерлар толық қойлыған. 6 қазандағы референдумға толық дайынбыз деп айтуға болады.

Ал Түркістан облысы бойынша саяси науқан күні 945 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 26-сы жабық учаске. Аймақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаевтың айтуынша, облыста 1 млн 180 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Мүгедектігі бар азаматтардың да жағдайы қаралған.

Аңсар Өсербаев, аймақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Бізде 13 мыңнан аса құлақ, көз көрмейтін, қоларбамен жүретін азаматтар бар. Олардың да референдумға қатысу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Қолайлы жағдай тудырдық, учаскелерде пандустар бар. Қосымша кабиналар жасақталды. Өздеріне қажетті лупа, басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда Түркістан облысы референдум науқанына дайын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, облыс тұрғындарын өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, референдумға қатысуға шақырамын.

Облыс бойынша ақпараттық қолдау мақсатында 1500 билборд ілініп, 17 мың парақша, 1 млн 200 мыңнан астам шақырту қағазы таратылған. 6351 реферуендум комиссиясының мүшесі арнайы тестен өткен. Сондай-ақ референдум күні өңірдегі 467 учаскеде онлайн сервис қызметі іске қосылмақ. Тізімде жоқ азаматтар өз аты-жөнін сол жерден тауып, дауыс бере алады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш Әбуов