Ақтөбе облысында тасқыннан үйсіз қалғандардың барлығы баспаналы болды
Ақтөбе облысында тасқын кезінде үйсіз қалғандардың барлығы баспанамен қамтылды.
Биыл көктемде облыс орталығында және 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су 4 мыңнан астам үйді басты. Арнайы комиссия мыңнан астам ғимараттың тұруға жарамсыз екенін анықтады. Зардап шеккендерге дайын 513 пәтер мен жеке үй сатып алынды, тағы 500 отбасы жаңа үйде қоныс тойын атап өтті.
Аслан Жарасбаев, Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Екі жылдық кепілдік мерзімі бар. Яғни салынған тұрғын үйлерден қандай да бір ақаулық шықса, оны мердігер өз есебінен екі жылдың ішінде қайтадан қалпына келтіріп береді.