Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендердің 90%-ы баспанамен қамтылды

Яғни аймақта 330 отбасының баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған еді.

Қазір соның 308-і жаңа қонысқа көшті. Ал Бұланды ауданындағы 22 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. 

Азамат Байқуанышев, Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы құрылыс жұмыстарына шамамен 7 млрд теңге жұмсалды. Оның басым бөлігі демеушілердің үлесінде. Яғни «Қазақстан халқына» қоры мен «Ақмола асар» қорлары ерекше қолдау танытты. Бұдан бөлек, Атбасар ауданында тағы бір көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Оған су басу қаупі жоғары аймақтардағы тұрғындар көшіріледі. Құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталады.