БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін қосымша 114 үй салынады

Жерасты суының көтерілуі салдарынан кейбір баспаналар бүлініп, тұруға жарамсыз деп танылған.

Қазір құрылыс жұмыстарының жартысынан көбі аяқталып, Деркөл ауылында 76 жанұя қоныс тойын тойлады. "Сырым ауданында тағы 38 отбасы осы айдың аяғына дейін баспаналы болады", - дейді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев. Дегенмен жергілікті билік тасқын салдарын толығымен жойды. Зардап шеккендердің бәрі үйлі болып, кәсіпкерлердің шығындары өтелді.

Әлібек Антазиев, Құрылыс басқармасының басшысы:

- Жалпы 60-тан астам жергілікті құрылыс компаниялары құрылысқа  қатысты. Басында 775 үй болды. Тағы  114 үй қосылды. Орал қаласында 76 үй, Сырым ауданында 38 үй қосылды. Оралда 76 үй құрылысы бітті,  38 үйіміз осы айда бітеді. Жерасты суы шыққандықтан олар үйлері қайтадан зардап шекті. Құрылыс қыркүйек айының басында басталды.