Шахтинск қаласына жылу беріле бастады

Шахтинск қаласы мен Шахан кентінде жылу беру маусымы басталып кетті.

Өткен қыста Шахтинсктегі энергия орталығында ақау шығып, тұрғындар бірнеше күн бойы пәтерлерінде қымтанып қалың киім киіп отыруға мәжбүр болған. 

Шахтинскте биыл үш қазандық пен екі турбогенератор жөнделді. Қыркүйек айының ортасында қазандықтар біртіндеп тексеруден өткен. Қазір ауа райы жылы болғандықтан тек бір қазандық істеп тұр.

Абылай Сейдуәлі, Шахтинск қаласы ЖЭО техникалық директоры:

- Қазір біз беріп жатқан температурамыз 61 градус біздің станциядан. 01.15-01.39 қазіргі таңда 4 ауысыммен 24 сағаттық режиммен тәулік бойы оперативті түрде жұмыс істеп жатыр. Бірінші қазандық жұмыста. Оның параметрлері бақылауда. Енді биыл жылыту маусымы былтырғыға қарағанда жақсы өтеді деп ойлаймыз.

Шахандағы ЖЭО жөндеуге ₸152 млн жұмсалды

Шахан кентінде де жылу маусымы басталып кетті. Әзірге электр орталығы түнде жұмыс істейді. Осыдан 4 жыл бұрын пайдалануға берілген стартегиялық нысанның биыл бірқатар жабдықтары жаңартылды. Қысқа әзірлік жұмыстарына 152 миллион теңге жұмсалды.

Ғалым Өмірбеков, Шахан кентінің әкімі:

- Котельныйда біраз трубаларды ауыстырдық, қазандықтың ішіндегі насостардың посчибниктерін ауыстырдық. Бүгінгі күнде кательный 100% істеп тұр. Қазір 3 қазандықтан біреуі істеп тұр.

Жалпы Шахтинск қаласы мен Шахан кентінде көпқабатты 403 үй бар. «Қазір кесте бойынша жылу 360 үйге берілді. Бұған қоса 56 әлеуметтік нысан бар», – дейді Шахтинск қаласы Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сәуле Айтжанова.

Сәуле Айтжанова, Шахтинск қаласы Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

-  Шахан кенті бойынша 1 үй қалды. Қала бойынша 43 үй бүгінгі таңда қосылуда. Көпқабатты тұрғын үйлерге дейін жылу барып тұр. Енді тұрғындар өз күшімен қосылулары тиіс. Олар қосылуда кесте бойынша. Ешқандай проблемалық сұрақтар жоқ.

Облыстағы жылу орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Жалпылай алғанда аймақтағы жылу орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қарағанды, Балқаш, Теміртаудың энергия орталықтарында және магистральді құбырларында ауқымды жұмыс атқарылды. Ал Саран қаласында жақында пайдалануға берілген жаңа ЖЭО алғашқы маусымына кірісті.

 

 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар