Қызылжар өңірінде 5 млн тонна астық жиналды
Солтүстік Қазақстан облысында 5 млн тоннадан астам астық жиналды. "Бұл жалпы көлемнің 87%", - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы басқармасы. Қазір кейбір диқандар бидайдан майлы дақылдарға көшті. Өңірде 46 элеватор жұмыс істеп тұр. Ылғалды өнімді кептіру үшін оларға Үкіметтен арзандатылған жанар-жағармай мен сұйытылған газ бөлінді. Мамандардың айтуынша, астық қабылдау орындарына түскен «сары алтынның» жартысына жуығы жоғары сұрыпқа жатады.
Анастасия Харламова, Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы:
- Толассыз жауған жаңбыр кесірінен орақ науқаны кешігумен келе жатыр. Бірақ жиын-терім барысы едәуір қарқын алды. Өнім берекелігін айтар болсақ, кейбір шаруашылықтар гектарынан 40-50 центнерден бидай жинап жатыр.