Қостанай облысында егін алқабының 90%-ы жиналды
Қостанай облысында егін орағы аяқталуға жақын.
Бұл күні 4 млн 300 мың гектар дәнді дақылдар алқабының 3 млн 800 мың гектары жиналды. 5 млн тоннадан аса астық алынды. Өнімділік гектарынан 13 центнерден келіп отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы орташа түсім гектарынан 9 центнерден шыққан еді. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Жангелдин ауданында науқан аяқталды. Ал Амангелді, Науырзым аудандары мен Арқалық қаласында жиын-терім жұмыстары бүгін-ертең бітуге тиіс. Ал енді сапасына келетін болсақ, элеваторға түскен бидайдың 58 пайызы үшінші сұрыпты деп бағаланып отыр. Қалғаны төртінші, бесінші сұрыпты. Дәннің ылғалдылығы да біршама төмендеген.
Кенжеғозы Жұмандықов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Тамыз айының аяғында қыркүйек айының басында жаңбыр шашын болған кезде ылғалдығы бізде 20%-ға дейін баратын. Қазір енді мына ауа райына қарасты 14-16%-ға дейін құлады. Егін науқаны енді осы жақында бір он шақты күн шамасында аяқталады. Әрі қарай мынау майлы дақылдардың жиналуы жалғасады.