Атырау қаласының іргесіндегі қоқыс полигоны өз жұмысын тоқтатады
Атыраулықтардың бас ауруына айналған қоқыс полигоны жұмысын тоқтатады.
Оны рекультивациялауға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қала іргесіндегі алаң жарты ғасыр бойы қолданыста болған. Ауданы 35 гектар аумақта қазір 3 млн тоннадай қоқыс шашылып жатыр. Бұған дейін экологтар мен белсенділер бірнеше рет дабыл қағып, жергілікті биліктен лас аумақты қалпына келтіруді талап еткен.
Ғасырбек Төлеген, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Жалпы осы рекультивация жұмыстарына 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Өйткені рекультивация жұмыстары 7 жылға созылады деп жоспарланған. Ол жердегі қоқыс полигоны өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолданысқа енгізілген. Жұмыс ауқымы кең болуына байланысты осындай жылға созылады.