Қарағанды облысында мүгедек жандардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Қарағанды облысындағы референдум учаскелерінде мүгедектігі бар жандарға барлық жағдай қарастырылған.

Дауыс беру орындары пандуспен, мүгедектерге арналған кабинамен және есту, көру қабілеті төмен жандар үшін арнайы бұрышпен жабдықталған. Өңірдегі 650 учаске референдумға тас-түйін дайын отыр.

Бұл Қарағанды қаласындағы №66 референдум учаскесі. Мұнда дауыс берушілер үшін барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе мүгедектігі бар жандарға қатысты барлық керек жабдық қойылған. Мысалы есту қабілеті нашар адамдар мына құлаққабы бар ноут-буктан барлық ақпаратты тыңдай алады. Ал зағип жандар арнайы Брайль әрпімен жазылған бюллетендердің көмегімен дауыс береді. Сондай-ақ, сурдоаударма қызметі де бар. Бұған қоса арнайы кабиналарды жабдықтатық,-дейді учаске төрағасы Азиз Зұлхарнай. 

Азиз Зұлхарнай, №66 референдум учаскесінің төрағасы:

- Біздің комиссияға тіркелген дамдар саны 2765 қазіргі таңда. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандар бар, 5 адам. Оның екеуі нашар көретіндер, үшеуі коляскамен жүретін адамдар. Инватакси жұмыс істейтін болады. Ол үшін аранйы жасақтар бөлінген. 

Референдум күні Руслан Несіпбаев мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетуге бекітілген. Ол дауыс берушілерді тыстағы пандус орнатылған жерден күтіп алуы тиіс. 

Руслан Несіпбаев, №66 референдум учаскесі төрағасының орынбасары:

- Мүгедектігі бар жандар келген кезде оларды қарсы алып, сайлаушы бұрышына жеткіземін. Үйде дауыс беретін үлкен қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандардан үйлерге барып референдумның дауыстарын сол үйлерден жинайтын боламын. 

Қарағанды облысы бойынша 650 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оларда 761603 дауыс беруші тіркелген. Соның 4 мыңнан астамы – мүгедектігі бар жандар. Референдум күні 120 инватакси қызмет көрсетеді. 

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игліков, Зарина Зұлпыхар