Мал тұқымын асылдандыруға француз мамандары үлес қосады

Мал тұқымын асылдандыру ісіне француз мамандары үлес қосады.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі еуропалық ірі компанияның бірімен келісімге келіп жатыр. Бұл компания асылдандыру кезінде биотехнологиялық әдістерді пайдаланады.

Францияның "Синетикс" компаниясы Қазақстанмен толққанды әріптестік орнатып жатыр. Әйтпесе олар басқаларға дайын биоматериалды сатумен шектелетін. Шетелдік мамандар асылдандырған мал тұқымы әлемге әйгілі. Оларға барлық шаруалар қызығады. 

Сириль Жосс, Synetics компаниясының халықаралық жобалар бойынша менеджері:

"Бұл сіздердің жергілікті асыл тұқымды малды сақтау және көбейту бойынша ынтымақтастық жобасы. Бұл Қазақстан үшін, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін қамтасыз ету үшін аса маңызды." 

Бұл ынтымақтастықтың негізі 2 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге жасаған ресми сапары кезінде қаланған. Сол кезде Қазақ басшысы Француз президентімен бірқатар құжатқа қол қойды. Содан бері генетика саласындағы француз мамандары еліміздің ауыл шаруашылығымен жақынырақ танысып үлгерген. Нәтижесінде қазақтың ақ бас және Әулиекөл сиырларының тұқымын жақсарту бойынша ортақ жобалар пайда болды. Алдағы Қазақстанда генетикалық орталықтар ашу жоспарда бар.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

"Сондықтан бізде көп жоспар бар. Бір үлкен генетикалық орталықтар ашу ойымызда бар. Олар мемлекеттік қана болмайды, жекеменшік қылып та ашуға болады. Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Қазір тұқымды асылдандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл өнімнің сапасын жақсартады." 

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті өте зор. Мұны бүкіл әлем біледі. Елімізде мал басы да артып келеді. Яғни оларды сақтау, асылдандыру үнемі күн тәртібінде болады деген сөз.

Ернат Рахметолла, Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан