Ақтөбе облысында мүгедектігі бар 2500-ге жуық адамның дауыс құқығы бар
Ақтөбе облысында 6 қазан күні референдум учаскелеріне 2 мың 500-ге тарта мүгедектігі бар адам келеді деп күтіледі.
Олар үшін қажетті жағдай жасалды. Ғимараттар пандус және тактильді бағыттаушылармен жабдықталды. Арнайы кабиналар орнатылып, референдум учаскелерінің бәрі көшпелі жәшікпен қамтамасыз етілді. Аймақ бойынша 530 референдум учаскесі жұмыс істейді.
Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық референдум комиссиясының төрағасы:
- Ақтөбе облысы бойынша бізде 35 адам Брайль шрифтісін оқып, танып біледі. Соның ішінде 32-і Ақтөбе қаласында. Мәртөк, Қобда, Хромтау аудандарында бір бірден бар. Осылардың барлығына трафареттер берілді.