Астанада Азия жастарының аллеясы ашылды

Аллеяда халықаралық жастар слетінің қатысушылары 100-ден астам ағаш отырғызды.

Экоакцияға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай қатысты. Сондай-ақ бас-аяғы 200-ге жуық волонтер атсалысты. Айта кетейік, кешелі бері бас шаһарда  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес елдерінің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтіп жатыр.

Болатбек Айтбенбетов, Қызылорда облысының волонтерлері фронт-офисінің жетекшісі:

- Азия жастарын біріктіру, ынтымақтастығын арттыру мақсатында осы жастар аллеясы ашылып жатыр. Бұған дейін кеше тек ғана Қазақстанның емес, көрші елдерден келген жастар, волонтерлер бірігіп екі күндік слетке қатыстық. Міне соның арты кереметтей аллеяға ұласып, әр елден келген азамат, азаматшалар жастары бірлесіп осы аллеяны ашып, көшеттерін отырғызып, талдарын.