Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан сарбаздар марапатталды
Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан 2 мыңнан астам әскери қызметшіге Қорғаныс министрінің атынан қолсағат табысталды.
Қорғаныс министрлігі апатты жағдай кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың иығына ауыр жүктеме түскенін атап өтті. Олар елді мекендердегі жағалауларды нығайтып, қолдан бөгеттер салды. Тұрғындарға қажетті гуманитарлық көмек жеткізді.
Алдияр Жайлаубаев, мерзімді әскери қызметтегі сарбаз:
- Орал қаласына көктемгі мезгілде су тасқынына қарсы іс-шараға қатысып, Қорғаныс министрі қолынан сағат алудамын. Бұл маған үлкен мәртебе. Қазақстан Республикасына қызмет етемін.