Референдумда 12,2 млн азамат дауыс беру құқығына ие

Елде Жалпыұлттық референдум басталды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір дауыс беру учаскелері ашық. Жалпы Республика бойынша жалпыұлттық референдумда 12 млн-нан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанға қатысуға құқылы тұрғындардың басым бөлігі Алматы қаласында. Шаһарда 1 млн 257 мың 764 адамға бюллетень дайындалды. Ал, Түркістан облысында 1 млн 180 мың 176 азамат өз таңдауын жасайды. Үшінші орында Алматы облысы тұр. Өңірде 994 мың 367 тұрғын есепке алынған. Астана қаласы бойынша 906 мың 936 адам дауыс береді. Дауыс берушілердің саны бойынша алғашқы бестікте Қарағанды облысы да бар. Аймақта 761 604 азамат референдумға қатыса алады. «Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер референдум учаскесіндегі дауыс берушілердің жалпы санының 1% мөлшерінде артығымен дайындалады.

Республика бойынша 12 244 683 адам дауыс береді

1 257 764 адам Алматы қаласы бойынша

1 180 176 адам Түркістан облысы бойынша

994 367 адам Алматы облысы бойынша

906 936 адам Астана қаласы бойынша

761 604 адам Қарағанды облысы бойынша