Референдум: полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Елдегі референдумға байланысты полиция күшейтілген жүмыс режиміне көшті, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін республика бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді. Оның 18 мыңы дауыс беру учаскелерінде. Тәртіп сақшылары мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізеді. Техникалық және қауіпсіздік талаптарын тексеріп, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын бақылайды. Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқарады. Сондай-ақ дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді.