Орталық референдум комиссиясы учаскелерде дауыс беру тәртібін түсіндірді

Өз учаскесіне келген азаматқа бюллетень жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.

Құжаттың электронды нұсқасын көрсетуге болады. Бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Белгі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қойылады. Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ азамат өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы. Көрсетілген нұсқаның бірін белгілеген соң толтырылған бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салу қажет.