Қонаев қаласында 70 жастағы қария таңдауын жасап, батасын берді

Қонаев қаласының тұрғыны 70 жастағы қария Тұрыспек Доспанбетов ел үшін маңызды күнде өз таңдауын жасап, референдум комиссиясының мүшелеріне батасын берді, деп хабарлайды 24kz.

Таңмен шаһардағы №949 референдум учаскесіне барып дауыс берген Тұрыспек Доспанбетов елдегі әр саяси науқаннан қалыс қалған емес. Өйткені көз алдында көркейіп келе жатқан Қонаев қаласының тыныс-тіршілігімен жақсы таныс. 17 жыл ішкі істер саласында қызмет атқарған қария бүгінде Ақсақалдар кеңесінің белді мүшесі.