Референдумда Қарағанды халқы белсенді
Референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша Қарағанды өңірінің халқы көш бастап тұр, деп хабарлайды 24kz.
Облыста азаматтық құқығын пайдалануға ие болған тұрғындардың 30%-тен астамы белсенділік танытқан. Екінші орында 24%-пен Астана қаласы болса, үштікті 20%-пен Қызылорда облысы түйіндеп тұр. Артынша Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы келеді. Онда 19%-тен. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген. Небары 8%. Таңғы сағат 10-дағы аралық нәтиже осындай. Келесі жедел ақпарат сағат 12.00-ден кейін жарияланады. Жалпы дауыс беруге құқылы халықтың шамамен 18%-і қолына бюллетень алды.