Мемлекет басшысы: Бүгін – тарихи күн

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, референдумнан қандай нәтиже күтетінін айтты.

«Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады», - деді Президент. «Халық қолдаса, АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет», - деп жауап қатты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын, шын мәнінде.