Қарағанды облысында мүгедектігі бар жандарға 120 инватакси қызмет көрсетеді

Қарағанды облысында 650 учаске жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

10 учаске жұмысын бір сағат ерте бастаған.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Бүгін өңір бойынша 650 учаске жұмыс істеуде. Оларда 761 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Облыста 10 учаске таңғы сағат 6-дан жұмысқа кірісті. Бұл Қарағанды, Шахтинск, Теміртау қалаларында, Қарқаралы және Нұра ауданында орналасқан учаскелер. Себебі оларда тіркелген дауыс берушілер әскери қызметте және кәсіпорындарда вахталық кестемен жұмыс істейтіндер. Біз қазір №17 референдум учаскесінде тұрмыз.

Облыс бойынша учаскелерде 4 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оларға барлық жағдай жасалған. Мысалы есту қабілеті нашар адамдар құлаққабы бар ноутбуктан барлық ақпаратты тыңдай алады. Ал зағип жандар арнайы Брайль әрпімен жазылған бюллетендердің көмегімен дауыс береді. Сондай-ақсурдоаударма қызметі де қарастырылған. Мүгедектігі бар жандарға 120 инватакси қызмет көрсетеді.