Атырауда ардагерлер дауыс берді
Бүгін елдің барлық өңіріндегі сияқты Атырауда да 474 референдум учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Дауыс беруге құқығы бар азаматтар ала таңнан өз учаскелеріне беттеген. Олардың алдыңғы легінде ардагерлер бар. Атырау облыстық ардагерлер ұйымында 66 мыңнан астам мүше бар. «Бүгін ел үшін маңызды шешім қабылдайтын күн. Осы жауапкершілікті сезініп дауыс беру учаскесіне барып, пікірімді білдірдім», - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов.
Мұрат Өтешов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Конституция әрбір Қазақстанның азаматына сайлауға, дауыс беруге, референдумға қатысуға принциптерді анықтап берген. Біз аға ұрпақ осыған өз пікірімізді оның елге керектігі жөнінде бірталай жұмыстар жасалды. Қазіргі істеліп жатқандардың барлығы - сол кешегінің жалғасы. Сондықтан біздің аға ұрпақ қоғамдық жұмыстарға да аса белсенділік көрсетіп келеді.