Петропавлда Exit poll мүшелері әлеуметтік сауалнама жүргізеді

Петропавл қаласында Exit poll мүшелері халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды 24kz.

Олар таңертеңнен бері референдум учаскелерінің алдында дауыс берушілермен сөйлесіп, пікірін жазып алады. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері науқан алдында арнайы дайындықтан өткен. «Тұрғындардың жауабы қатаң түрде құпия болып қалады», - дейді мамандар.

Гүлзәт Тоқсанбаева, қоғамдық саясат институтының өкілі:

- Біздің мақсатымыз – осы болып жатқан процестің ашық және әділ болғанын қадағалау. Біз осы бөлімшеде екі интервьюер болып жұмыс істеп жатырмыз. Келген және кеткен адамдардан анонимді түрде келісе ме, келіспей ме деп сұраймыз, олар өздерінің аты-жөндерін айтпайды. Барлығы құпия сақталады.