Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық ұжымы дауыс берді

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың ұжымы референдумда таңдауын жасады, деп хабарлайды 24kz.

«Бұған дейін жүргізілген түсіндіру жұмыстары тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап бере алды. Соның арқасында азаматтар саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауда», - дейді мекеме басшысы Эрлан Батырбеков. Қазір Курчатов қаласында барлығы 12 референдум учаскесі ашылып, 60 адам жұмыс істеп жатыр.

ЭРлан БАтырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры:

- Бұл – біз үшін жауапкершілігі мол әрі маңызды миссия. Мен ел азаматтарын осы саяси науқаннан қалыс қалмай, дауыс беруге шақырамын. Ұлттық ядролық орталықтың мамандары да өз таңдауын жасады.

Денис Зарва, ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас инженерінің орынбасары:

- Біз бүгін тарихи сәттің куәсі болып тұрмыз. Еліміздің дамуы үшін азаматтық көзқарасымды білдірейін деп отбасыммен бірге таңдау жасадық. Референдумның жоғары дәрежеде өтіп, тұрғындар белсенді түрде дауыс береді деп ойлаймын.