Атыраулық тұрғын Брайль қарпімен дауыс берді
Атырау қаласының тұрғыны, зағип жігіт Рустам Шамбузов өз таңдауын «Брайль» қарпінің көмегімен жасады.
Облыста ерекше қажетілігі бар 4661 адам тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы зағип жан. Референдум учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай қарастырылған. Арбаға таңылғандарға учаскеге көтерілетін пандустар, көруі нашар жандар үшін арнайы бедерлі жолақ тартылған. Бүгін Рустам өз таңдауын еш кедергісіз жасағанын айтады.
Рустам Шамбузов, Атырау қаласының тұрғыны:
- Зағиптар қоғамының мүшесімін. Мен өз учаскеме келіп тұрмын. Еш кедергісіз даусымды бердім. Мен мектепте оқып бітірдім. Брайль жүйесін РФ, Астрахан қаласында оқыдым. Енді айтар болсам, барлық мүмкіндіктер жасалған. Көптен көп рахмет деп айтам.