Жетісуда 463 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр

Жетісу облысында 463 дауыс беру учаскесі ашылды.

Мекемелерде көпшілік үшін жеке кабинкалар орнатылып, мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалғанын байқауға болады. Зағип жандарға брайль қаріптерімен жазылған нұсқаулық әзірленген. Референдумның заң талаптарына сай өтуін 1 мың 400-ден аса қоғамдық ұйым өкілі бақылап отыр. Жалпы науқанға 442 мыңнан аса адам қатысып, азаматтық ұстанымын білдіреді деп жоспарланған.

Талғат Ахметұлы, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Қазақстанның болашағы үшін дауыс беріп жатырмын. Немерелерімнің болашағы үшін дауыс беріп жатырмын. Қазақстан өскен елдің қатарынан табылса деп дауыс беріп жатырмын.