Жазушы Әкім Тарази үйден дауыс берді

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази де саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Референдум комиссиясының өкілдері 91 жастағы драматургтың үйден дауыс беруіне қолайлы жағдай жасады. Көрнекті жазушы елдегі елеулі сәт келешек үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Өзге де қаламгерлер референдумға бейжай қарамай, белсенділік танытып жатыр.

Роза Мұқанова, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл тарихи шешім, халықтың шешімі болмақ. Халықтың үніне құлақ асатын қоғам. Тәуекелі жоқ қоғам тәуелсіз бола алмайды.  Мен өзім де бүгін дауыс бердім. Дауыс беру - ол менің жауапкершілік, азаматтық міндетім саналады.