Референдум: әр азаматтың дауысы маңызды
Бүгін әр қазақстандық елдің энергетикалық тәуелсіздігі үшін өз таңдауын жасап жатыр.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев референдум учаскесінде дауыс беріп, саяси науқанның маңызы туралы айтты. Оның пікірінше жыл сайын электр энергиясына деген сұраныс 3 пайызға артып отыр. "Сондықтан бүгін әр азамат өзінің таңдауын жасап, маңызды күнде белсенділік танытуы керек", - дейді ғалым.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
- Қазақстанның болашақта маңызды шешім қабылдауы үшін, халықтың өзі де соған жауапкершілігін сезіну үшін әрі халықты еститін үкімет ретінде осындай референдум ұйымдастырылып отыр. Шынына келгенде, «Тәуелсіздік» деген құр сөз емес. Ол негізгі құрамдас бөліктерден тұрады. Соның бірі – энергетикалық қауіпсіздік. Мәселен, осы референдумға келіп, әр қазақстандық дауысын беріп, қажет пе, бізге энергетикалық тәуелсіздік, жоқ, қажет емес пе, міне, осыған өздері дауыс бере алады.