Ақтөбеде exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
Ақтөбе тұрғындары да саяси науқанға белсенді атсалысып жатыр.
Бұл туралы учаскелердің алдында сауалнама жүргізетін қоғамдық саясат институтының өкілдері мәлімдеді. Олар экзитпол деректерін қамтамасыз етеді. Облыс орталығындағы 16-мектепте орналасқан 41-учаске алдында қазір екі маман бар. Ол таңдау жасаған тұрғындармен сұхбаттасып, деректерді қоғамдық саясат институтының әлеуметтанушыларына жолдайды.
Аяжан Боранбаева, қоғамдық саясат институтының интервьюері:
- Халықтың белсенділігі негізі өте жақсы деп айтсам болады. Көбі позитивті, белсенді көңіл күйде келіп жатыр. Тек қана жастар емес, үлкен кісілер, қарт-қариялар көп келіп жатыр. Және де бізбен оңай контактке түсіп жатыр. Ол біздің жұмысымызға септігін тигізіп жатыр.