Ақтөбе облысында референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелмеді

Осы сағатқа дейін Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заң талабын бұзу деректері тіркелген жоқ.

Бұл туралы «Дауыс» қоғамдық коалициясының облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Саяси науқанда байқаушы ретінде тіркелген бірлестік өкілдері өңірдегі барлық ашық учаскені қамтыған. Облыс орталығымен қатар аудан тұрғындары қатарынан ниет білдірген түрлі үкіметтік емес ұйым мүшелері референдумның өту тәртібін зерделеп, тиісті дәріс алған болатын.

Нұржан Шаңғытбаев, «Дауыс» қоғамдық коалициясы облыстық филиалының төрағасы:

- Біздің мақсатымыз - референдумның ашық, әділ, шынайы өтуі. Оған байқаушыларымыз атсалысып жатыр. Және де кешке дейін біз қандай да жағдай болсын хабарлап, әлеуметтік желіге баяндап отырамыз.