Астанадағы Алматы ауданы халқының референдумда белсенділігі жоғары
Астана қаласының Алматы ауданында 125 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Осы аумақтың тұрғындары әсіресе №94 референдум учаскесіне ағылып жатыр. Өйткені бұл дауыс беру бекеті мыңдаған көне жәдігер сақтаулы ұлттық музейде орналасқан. Халықтық таңдауға қатысқан астаналықтар дауыс беріп болғасын отбасымен бірге мұражайды аралап, ғасырдан-ғасырға мирас болған ескерткіш-мұралармен танысуына болады. Ұлттық музейден әріптесім Қамбар Бекенов тікелей қосылмақшы. Қамбар, қайырлы күн, тұрғындардың белсенділігі қандай?
Қамбар Бекенов, тілші
- Алматы ауданының 2 жарым мыңдай тұрғыны осы 94-референдум учаскесіне тіркелген. Мұнда таңсәріден дауыс беруге алғаш келген 6 адамға арнайы сыйлық берілген. Аумақ бойынша әсіресе егде жастағы кісілер мөлдір жәшікке бюллетень тастауда белсенділік танытып жатыр екен. 18 жасты толтырып, алғаш рет саяси науқанда дауыс беріп жатқан жастар да аз емес. Жалпы аудан тұрғындарының қанша пайызы дауыс бергені жөнінде референдум комиссиясы төрағасынан сұрап білсек.
Жұмабай Батырхан, № 94 Алматы ауданының учаскелік референдум комиссиясының төрағасы: