Павлодарда референдум барысында 14 сурдоаудармашы жұмыс істеді
Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған Павлодар тұрғындарының дауыс беруіне сурдоаудармашылар көмекке келді.
Мүгедектігі бар адамға арнайы маманның көмегі қажет болса, сурдоаудармашы шақырылды. Бүгін облыс орталығында 14 арнаулы маман жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша қызметтің бұл түріне сұраныс көп емес. Дегенмен, көмекке жүгініп жатқандар бар екен. Павлодар қаласы бойынша ерекше қажеттілігі бар 810 адам тіркеліпті. Соның 299-ы есту, дауыс беру құқығына ие 286 адам көру қабілетінен айырылған, 255 адам арбаға таңылған. Референдум учаскелерінде бәріне бірдей қолайлы жағдайлар жасалған.
Альмира Балтабаева, сурдоаудармашы:
- Әрбір ел азаматы өз таңдауын жасауы тиіс екенін айтып, түсіндіремін. Біз негізінен онлайн жұмыс істейміз. Қажеттілік туындаған кезде міндетті түрде дауыс беру учаскесіне келіп, көмегімізді көрсетеміз.