Роза Рымбаева: Бұл - қазақстандықтар үшін тарихи күн
Бүгін - қазақстандықтар үшін тарихи күн.
АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысқан Халық артисі Роза Рымбаева осындай пікірде. Әнші Алматыдағы №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 референдум учаскесіне барып, таңдауын жасады. Роза Рымбаева референдумның маңыздылығын атап өтті. Әр адам өзінің азаматтық көзқарасын білдіруі тиіс, - дейді Халық артисі. Дауыс беру бүгін кешкі сегізге дейін жалғасады. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып өз таңдауын жасай алады.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық артисі
- Бүгінгі болып жатқан үлкен сұрақ: АЭС құрылысы бола ма, жоқ па? Бұл халықтың дауыс беруімен шешіледі. Сондықтан мен Қазақстан азаматы ретінде өзімнің дауысымды бердім. Сіздер де міндетті түрде келіп, өз дауыстарыңызды беріңіздер.