Референдум 2024: Әр адамның дауысы маңызды| LIVE
Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:
- Қазір біз Алматының Самал шағын ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте тұрмыз. Бұл білім мекемесінде үш бірдей референдум учаскесі орналасқан. Олар – №379, №381, №382 учаске. №382 учаскеде 2731 дауыс беруші тіркелген. Шамалы уақыттан соң еліміз бойынша референдум учаскелері жұмысын тоқтатады. Міне, соңғы сағаттың өзінде «жолдан келіп едік, тауға серуендеуге шығып кетіп едік» деген жандар келіп дауыс беріп жатыр. Қазір менің жанымда осы учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Эльмира Атханова тұр.
Эльмира Атханова, №382 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
- Зейнет жасындағы адамдардың, яғни жасы үлкен кісілердің белсенділігі жоғары болған. Олардың көбі түске дейін келіп өз таңдауын жасаған. Мәселен, мұнда Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов отбасымен келіп өз таңдауын жасаған. Осы маңда тұратын ақын Шөмішбай Сариевтің жұбайы Жұмагүл Сариева да жанұясымен келіп дауыс берген.
Иә, референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Енді шамалы уақытан кейін бюллетень санау басталады.