Ольга Рыпакова референдумда таңдауын жасады

Ольга Рыпакова референдумда таңдауын жасады

Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс берді. 

Жеңіл атлет бұған дейін де қоғамдық-саяси науқандардың бір де бірінен тыс қалған емес. Қай елде жүрсе де, азаматтық борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ол референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруді жөн санапты.  Байрақты бәсекеде талай рет ел туын желбіреткен, Ольга Рыпакова өткен жылы үлкен спортпен қош айтысқан еді. Дегенмен ол бұл саладан толық қол үзген жоқ. Қазір Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті спортшылар комиссиясын басқарады. Ал жақында ғана Азия олимпиада кеңесі атқарушы комитетінің құрамына енді.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Мен референдумға өз  азаматтық ұстанымымды білдіру үшін келдім. Бүгін кішкене сырқаттанып тұрсам да үйде жата алмадым. Өз елімнің патриоты ретінде бұндай қоғамдық іс-шараларға белсене қатысамын. Әлеуметтік желі арқылы сан түрлі пікір жазып, ой білдіретіндер көп қой. Ал бұл жер  нағыз таңдау жасалатын жер деп білемін.