Жамбыл облысында екі мыңнан астам мүгедек жан дауыс береді
Жамбыл облысында 2 мыңнан аса мүгедектігі бар азамат референдумда дауыс береді.
Дауыс берушілер үшін учаскелерде барлық жағдай жасалған. Арнайы кабиналар орнатылып, көзі нашар көретіндер үшін брайл қарпімен жазылған бюлетендер жасалды. Ал өз үйінде дауыс бергісі келетіндерге арнайы көлікпен жәшік жеткізіледі. Учаскеге баруға ниет білдіргендерге инвотакси қызмет етуде.
Қанат Әуелбаев, Тараз қаласының тұрғыны:
- Келіп дауыс берген дұрыс қой. Үйде жатып олай да болатын еді. Бірақ келген дұрыс деп ойладым. Әр адам өзінің пікірін білдіру міндетті деп ойлаймын. Өйткені референдум бүкіл халықтан сұрап жатыр ғой. Значить халық өзінің ойын жеткізу керек.