Байқаушылар қарағандылықтардың белсенділігін жоғары бағалады
Қарағанды облысындағы барлық 650 референдум учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі жоғары.
Учаскелерде тіркелген 761 мың тұрғынның жартысы түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Дмитрий Полтаренко да бұл күні өз азаматтық таңдауын жасады. Ол «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы филиалының төрағасы ретінде кеншілер қаласындағы бірнеше референдум учаскесінде болған.
Дмитрий Полтаренко "Қарағанды облысынының азаматтық альянсы" қауымдастығының президенті, байқаушы:
- Бүгін жұмыстың қауырттығына қарамастан өз учаскеме келіп таңдауымды жасадым. Барлық отандастарымыз үшін маңызды күн деп ойлаймын. Бірнеше учаскеде болдым. Тұрғындардың белсенділігі зор. Үлкен кісілер ғана емес, жастар да көптеп келгеніне қуаныштымын. Барған жерден бір заң бұзушылықтарды байқамадым.