Қызылордада exit poll өкілдері сауалнама жүргізуде
Қызылордада референдум учаскелері ашылған бойда exit poll өкілдері де жұмысқа кірісті.
Олар дауыс берушілермен тілдесіп, қандай таңдау жасағанын жазып алуда. Айта кетейік, exit poll өкілдері референдум учаскелерінің тек сыртында ғана жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкері Сәуле Әбілдаеваның айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі сауалнамаға жауап беруде. «Дауыс берушілердің берген жауабы құпия болады және әлеуметтік зерттеу мақсатында пайдаланылады», - дейді exit poll өкілі.
Сәуле Әбілдаева, Кешенді әлеуметтік зерттеу институтының қызметкері:
- Бір сұрағымыз бар осы сауалнамада. Дауыс бере алдыңыз ба? Бере алсаңыз, онда қандай пікір білдірдіңіз? Қолдадыңыз ба, әлде қолдамадыңыз ба? Беріп жатыр жауапты. Дегенмен әр адам әртүрлі ғой. Бірақ көбісі береді. Себебі осы таңда дегенді халық білді. Бірнеше жылдан бұл exit poll қолданыста жүрген әдістеме.