Жамбыл облысында 12 мыңнан астам адам алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды

Республикалық референдумда жамбыл облысында 12 мыңнан аса адам алғаш рет дауыс береді.

Солардың бірі Шұғыла Серікбай. Бүгін ол 18 жасқа толды. Колледж студенті шаштаразшы мамандығында оқиды. Ол дауыс беру құқығына ие бола сала №65 учаскеге келген. Айтуынша, ел болашағы жастардың қолында. Сондықтан олар саяси шарадан қалыс қалмауы керек, дейді ол. Шұғыланың белсенділігі үшін дауыс беру комиссиясы естелік сыйлық табыстады.