Өскеменде 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді
Жалпыұлттық референдумға жас та, кәрі де белсенді атсалысты.
Өскеменде 100 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмат Рахимов азаматтық таңдауын білдірді. Ғасыр жасаған қария таяғына сүйеніп келсе де учаскеге өз аяғымен кіріп, көпке үлгі-өнеге көрсетті. Қалада бұл күндері көзі тірі жеті соғыс ардагері қалды. Солардың бірі - осы Құрмат Рахимов. Майдангер Литваны, Белоруссияны азат етіп, Кёнисгбергті алуға қатысқан. Қарт жауынгер бұл күндері «көздің көруі, құлақтың естуі, аяқтың жүруі » қиындады десе де, қоғамдық істен тысқары қалған емес.
Құрмат Рахимов, ҰОС ардагері:
- 101 жасқа қарай аяқ бастым. Әрине, оңай емес. Дегенмен 102 жаста да өмір сүруге болады. Ең бастысы, денсаулықты күтіңдер. Сонда ғана ғұмырлы боласыңдар.