Exit poll өкілдері: Cемейліктердің белсенділігі жоғары болды

Абай облысында бірнеше дербес ұйымнан құрылған Exit poll өкілдері дауыс берушілердің ой-пікірін білуге шықты.

Олар референдум учаскелерінің алдында сауалнама жүргізді. Оның нәтижесінде тұрғындардың аты-жөні көрсетілмейді. Тек жынысы мен жасы жазылады.

Данияр Танашев,  Еуразиялық интеграция институтының төрағасы:

- Біз учаскелерде сауалнама жүргіздік. Тұрғындарға белгіленген сұрақтарды қойып, жауап алдық. Халық барынша ашық жауап берді.