Көкшетауда exit poll өкілдері сауалнама жүргізді

Көкшетауда да референдумда дауыс бергендердің арасында сауалнама жүргізілді.

Онда exit poll мүшелері дауыс беру учаскелерінің жанында қала тұрғындары қандай таңдау жасағанын білді. Респонденттердің деректері анонимді, ал әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері таратылмайды. Жалпы, өңірде 765 учаске жұмыс істеді.

Гүлден Қонарбаева, exit poll өкілі:

- Сайлаушылардың барлығына біз толық анонимділікке кепілдік берген болатынбыз. Олардың жауаптары тек жалпыланған түрде ғана қолданылатын болады. Арнайы іріктемеге сәйкес сайлау учаскелері таңдалады. Сайлау участкесінен шыққан 18 жасқа толған барлық азаматтардан сауалнама алудамыз.