Әлем бойынша 74 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді
Бүгін шетелде жүрген қазақстандықтар да референдумда белсенді дауыс берді.
Жерлестеріміз өз таңдауын жасауы үшін әлемнің 59 елінде 74 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.
Дауыс беру учаскелері ең бірінші Жапония мен Оңтүстік Кореяда ашылды. Сеулдегі дауыс беру учаскесіне ең бірінші болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова барып, таңдауын жасады.
Камила Маутова, халықаралық ұйым қызметкері:
- Референдум әр азаматтың пікірін ескеріп, тиісті мәселе бойынша шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз дауыс беру арқылы өз көзқарысымызды білдіруіміз керек.
ҚЫТАЙ
Қытай елінде бүгін үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Олар осы шаһарлардағы дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылды.
Нұрлан Аққошқаров, №389 учаскесінің комиссия төрағасы:
- Қытай республикасында 3 сайлау учаскесі белгіленген. Бейжің, Шанхай және Гонконг қалаларында. Соның ең көбі әрине Бейжің қаласында. 236 тізім бойынша адам тіркелсе, Гонконгта 83 адам, Шанхайда 52 адам белгіленген. Бірқ тізімнен қосымша келіп жатқан адамдар келіп жатыр.
ӨЗБЕКСТАН
Шет мемлекеттердегі ең ірі дауыс беру орындарының бірі Ташкентте ұйымдастырылды. Консулдық есеп бойынша Өзбекстанда тұрақты тұратын және уақытша жүрген 600 Қазақстан азаматы бар. Таң атқалы таңдау жасаған азаматтардың ішінде еліміздің белгілі спортшылары да болды.
Мадина Мырзамсейітова, гандболдан Астана құрамасының мүшесі:
- Біз осында 13 адам келдік. Бапкеріміз бар. Директор бар. Осында референдумда дауыс беруге келдік. Бұл елге келуіміздің себебі Өзбекстанның тәуелсіздік кубогына қатысып жатырмыз. Сондықтан осы жарыспен тұспа-тұс келген референдумда дауыс бердік.ӘЗЕРБАЙЖАН
Әзербайжандағы жерлестеріміз де белсенді дауыс берді. Олардың арасында Бакуде гастрольдік сапармен жүрген Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе камералық хор ұжымы да болды.
Мербол Құспанов, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе камералық хор дирижеры:
- Бүгінгі күні Әзербайжан мемлекеті Баку қаласында учаскемізге келіп, өз таңдацымызды жасадық. Бүгін тарихи маңызды күн. Баршы азаматтар өзінәң елі үшін жері үшін болашағы үшін өз дауысын беру керек. Еліміз аман, жұрьымыз тыныш болсын.
ТҮРКИЯ
Бауырлас Түркия елінде де азаматтық борышын орындау үшін дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасағандар қатары қалың болды.
Асқар Төлепберген, №418 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
- Плебисцит қатысушылары таңғы сағат жетіден келіп бастады. Жалпы біздің учаскіде 1236 дауыс беруге құқығы бар адамдар тіркелген. Қуантатын жағдайдың бірі - ол Түркияда оқып жүрген студенттердің референдумға деген белсенділігі. Дауыс берушілердің көбісі Елшілік сайты арқылы тіркелген адамдар.
РЕСЕЙ
Ресейде жүрген қазақстандықтар Омбы, Қазан, Астрахань мен Санкт-Петербордағы бас консулдықтарда, сондай-ақ Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде азаматтық міндетін орындады. Көрші елде референдумға қатысу үшін 900 адам тіркелді. Олардың арасында студентер, Еуразиялық экономикалық комиссия, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен коммерциялық компания қызметкерлері бар.
Айжан Тұрапова, қазақстандық компания қызметкері:
Бұл референдум әр қазақстандық үшін маңызды деп ойлаймын. Әрине әркімнің өз пікірі болады. Сондықтан бұл өз ұстанымыңды білдіру үшін үлкен мүмкіндік.
ВЕНГРИЯ
Еуропада жүрген қазақстандықтардың да референдумдағы белсенділігі өте жоғары болды. Отандастарымыз елшілігі жанында ашылған нөмері 390-референдум учаскесіне ағылып, таңдауларын жасады.
Еркін Құбайберген, күйші:
- Біз Мажарстан Будапешт қаласына іс- сапармен келіп қалдық. Оған қарамастан біз елшілікке келіп, таңдауымызды жасап жатырмыз.
Жалпы кәрі құрлық елдерінде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Ал АҚШ-та уақыт айырмашылығына байланысты бұл процесс енді басталды.