Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті
Орталық референдум комиссиясы елдегі барлық өңір бойынша азаматтардың келуінің алдын ала қорытындыларын шығарды.
Оған сәйкес Қызылорда облысының халқы көш бастады. Өңірде тұрғындардың 82 пайызы белсенділік танытты. Ақтөбе мен Түркістан облыстары 75 пайызбен екінші орынға түсті. Үшінші сатыға 73 пайызбен Шығыс Қазақстан және Қостанай аймақтары жайғасты. Ізінше Қарағанды обылсы 72, ал Ақмола облысы 71 пайызбен келді. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі, небәрі 25 пайыз. Сағат 21.00-дегі алдын ала қорытынды осындай. Сонымен, қазір учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Оның уақыты санау басталғаннан кейінгі 12 сағаттан аспауға тиіс.