Түркістанда көкпаршылар референдумда дауыс берді

Түркістан облысы Байылдыр ауылының көкпаршылары референдум учаскесіне атпен барып, дауыс берді.

Ұлттық спортты ұлықтап жүрген шабандоздар саяси науқанға үн қосу ниетімен атқа қонған. Үстіне шапан, аяқтарына саптама етік киіп, тобылғы сапты қамшы ұстаған жігіттер саяси науқанның сәнін кіргізді.

Әмірхан Серікбай, Байылдыр ауылының тұрғыны:

- Ат терлетіп, атпен келіп отырмыз ескі салтпен. Әрбір Қазақстан азаматының дауысы есепке алынады деп есептеймін. Өз үлесімізді қосайық деп келіп отырмыз. Өзіміз көкпарға кетіп бара жатқанбыз, біздің ауылда жиі көкпар ұйымдастырылады.