Мұнайшылардың дауыс бюллетеньдері Атырауға тікұшақпен жеткізілді

Атырауға «Қашаған» кен алаңындағы мұнайшылардың дауыс бюллетеньдері тікұшақпен жеткізілді.

Каспий теңізі қайраңындағы «Д» аралында 870 адамнан дауыс беру туралы өтініш түскен. Аралға референдум комиссияларының мүшелері тікұшақпен барып, мұнайшылардың конститутицялық құқығын жүзеге асырды. Жалпы, облыстағы мұнай-газ кен орындарында 12 мыңнан астам адам еңбек вахтасында тұр. Олар бекітілген референдум учаскелеріне автобустармен тасымалданды.